Главная » 2011 » Октябрь » 7 » "Тәуелсіз елдің тірегі - Елбасы елдің жүрегі" - тақырыбында елбасының курстастарымен кездесу
19:50
"Тәуелсіз елдің тірегі - Елбасы елдің жүрегі" - тақырыбында елбасының курстастарымен кездесу
29 қыркүйекте ОҚПК студенттері Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың курстастарымен кездесті.Олар – құрметті металлург Тельман Спаев, Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Марат Қыстаубаев және Шымкент қаласының құрметті азаматы, КСРО құрметті металлургы Аманәлі Абдраманов.Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып Нұрағамыздың студенттік кезінен коптеген қызықты мағлұматтар алды. Елбасымен Украинада танысқан олар өткенде қалған жалынды жастық шақтарын бір сәт еске түсірді.Нұрсұлтан Назарбаевтың сол кезде топтың алды болып, білімімен, белсенділігімен, алғырлығымен көзге түскенін баяндап берді.
- Біле білгенге егер бір үйді 4-5 жылда бітірер болса, 20 жылда бір Астананы тұрғызу кез-келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Нұрекеңнің көрегенділігі, асқан білімдарлығы сол кездің өзінде жарқырай көрінген еді. Нағыз ел басқаруға лайық адам деп ойлаушы едік, - деп еске алады А.Абдраманов.
1958 жылы Украинаның Днепродзержинск қаласында комсомолдық жолдамамен жол тартқан олар болашақ Президентпен №8 училищеде білім алыпты.Олар Киевке курстастар кездесуіне аттанбақшы екендіктерін айтты.
  Колледж студенттері осындай елдің құрметті азаматтарымен кездесу жасағаны үшін колледж директоры және облыс депутаты Сопбеков Амангелді Әбдімәлікұлына өз алғыстарын білдіріп,колледжге келген қонақтарға ак жол тілеп шыгарып салды.Ардагерлердің айтуынша, бұл сапар Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналмақ.
Просмотров: 2885 | Добавил: Администратор | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]